Үндістанның Гуджарат штатында сирек кездесетін азиялық арыстан 34 жастағы ер адамды жеп қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ The Indian Express басылымына сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға Саваркундла қаласы маңындағы Амрели округінде болған.
Орман шаруашылығы департаментінің қызметкерлері орманнан адамның мүжілген дене қалдықтарын тапты. Кейін бұл адамның 34 жастағы Назим Куреши екені анықталды.
Тергеушілер әзірге оның жыртқыштың құрбаны болғанын ресми түрде растамай отыр. Дегенмен олар оқиға орнында арыстанның ізі табылғанын атап өткен.
Басылым таратқан мәліметке сәйкес, соңғы екі аптада Амрели округінде арыстандар үш адамды талаған. Ақпан айында екі арыстан 7 жастағы ұлға шабуыл жасаса, 4 наурызда арыстан 35 жастағы әйелге шабуылдаған.