№152. Аса құпия. НКВД Арал аудандық бөлімі хабарлайды

31 Мамыр 2019, 10:16
5456
Бөлісу:
№152. Аса құпия. НКВД Арал аудандық бөлімі хабарлайды

«Из истории депортаций. Казахстан 1939-1945 гг.»деректі жинағынан үзінді. ISBN 978-601-239-548-86 ©Ассамблея народа Казахстана, 2019. ©Архив Президента РК, 2019.


Қызылорда облысы Арал ауданының балықшы колхоздарына орналастырылған қалмақ-cпецпереселенецтердің жағдайы туралы ақпарат


Арал қаласы, 1944 жылдың 4 сәуірі

Балықшы колхоздарға орналастырылған қалмақ-спецпереселенцтердің халі мүшкіл.

«Райым» колхозында аштықтан ісінгендер:
1) Майдангер Монраев Унгалин Манджиевичтің 4 адамдық отбасы;
2) Цаган-Кебенов Багтың отбасы — 2 адам;
3) Убушаевтың отбасы — 2 адам;
4) Бадма Убушаевтың отбасы — 3 адам; бұған қоса — жұмысшы адамы жоқ бірнеше отбасы.

Қазақстан КП (б) аудандық комитетінің қалмақ-спецпереселенецтерге көмектесу туралы шешіміне қарамастан, аудандық сауда бөліміндегі ұн мен жарма қоры бөлімнің жұмысқа салғырттығынан пайдаланылмай қалған. Кейбір отбасылар 3 ай бойы нан әлде ұн алмағандықтан, аштан өлуге қарағанын ерекше атап өтемін.
Шұғыл көмек көрсету керек.
Арал НКВД бастығы, мемлекеттік қауіпсіздік аға лейтенанты Осько.


Өзгелердің жаңалығы