Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Меншікке салынатын салықты төлеуді ыңғайлату мақсатында 2020 жылдан бастап салық төлеушілерге «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы енгізілген болатын.
Аталған қосымша жеке тұлғаларға деректемелерді толтырусыз салықтарды төлеу рәсімін жеңілдетуге жол берді. Ірі банктермен жүргізілген біріктіру нәтижесінде Халық банкі және Каспи банкі карталарымен төлеу кезінде комиссия алынбайды.
Бұдан басқа, қосымша 2 минут ішінде автоесептеу жасау, артық төлемді басқару және қажет болған жағдайда өзінің салық салу объектілері (жылжымайтын мүлік, көлік құралдары, жер телімдері) бойынша түзетулер енгізуге сұраным жолдауға мүкіндік береді
Сонымен бірге, жер салығы, мүлік салығы және көлік құралдарына салық бойынша алдағы төлемдерді, аталған салықтар бойынша берешекті, сондай-ақ жұмыскердің еңбекақысын төлеу бойынша мәліметтерін қарауға мүмкіндік бар.
«e-Salyq Azamat» қосымшасына тіркелу онлайн режимінде мемлекеттік кірістер органдарына бармай өтеді.
Жылдың басынан пайдаланушылардың саны 7,4 есе өсті – 100 мыңнан 741 мыңға дейін.
Бүгінгі күні:
- жалпыға бірдей декларациялау шеңберінде 319 мың немесе 62,4% декларация «e-Salyq Azamat» қосымшасы арқылы тапсырылды;
- 103 мың пайдаланушымен салық әмияны толтырылды;
- 26 мың пайдаланушымен автоматты түрде есепке жатқызу жасалды;
- 19 мың пайдаланушы артық төленген сомаларын басқа салықтары есебіне жатқызып, артығын қайтарды.
Тегін «e-Salyq Azamat» қосымшасын «App Store» и «Play Market» арқылы жүктеуге болады.