31 пилоттық мектепте жаңа оқулықтар апробациядан өтіп жатыр

11 Қыркүйек 2024, 11:25
574
Бөлісу:
31 пилоттық мектепте жаңа оқулықтар апробациядан өтіп жатыр
Фото: Оқу-ағарту министрлігі

2025-2026 оқу жылы: 31 пилоттық мектепте жаңа оқулықтар апробациядан өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Биыл 2 қыркүйектен бастап еліміздің 31 пилоттық мектебінде Оқу-ағарту министрлігі Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығының басшылығымен 2025-2026 оқу жылына арналған жаңа оқулықтар апробациядан өтуде.

Мұндағы мақсат - жаңа оқу бағдарламасы негізінде әзірленген 4-сыныпқа арналған жекелеген пәндер бойынша оқулықтар мазмұнының сапасын анықтау, сондай-ақ мектептер үшін тиімді оқу материалын таңдау.

Апробация 4-сыныпқа арналған келесі оқулықтарды қамтиды: «Бейнелеу өнері», «Еңбекке баулу», «Орыс тілі» (қазақ тілінде оқытатын мектептер үшін), «Шет тілдері» (ағылшын, неміс, француз) және «Цифрлық сауаттылық» (электрондық оқулық).

Апробацияға педагогтер мен оқушылар қатысуда, бұл оқулықтардың функционалдығы мен тиімділігі туралы толық мағлұмат алуға мүмкіндік береді.

Естеріңізге сала кетейік, орталық бес сатылы сараптама жұмысын жүргізеді: ғылыми-педагогикалық сараптама, пысықтау кезеңі, пилоттық мектептерде сынақтан өткізу, қоғамдық талқылау және пәндік сараптама комиссиясы.
Сарапшы болуға өтініш бергісі келетін мұғалімдер bmso.kz ресми сайтында сауалнамадан өте алады.

Өзгелердің жаңалығы