300 қазақстандық талапкер түркия грантын иеленді

2024-2025 оқу жылында 300 қазақстандық студент Түркия Республикасының Türkiye Bursları гранттық бағдарламасы аясында Түркияның мемлекеттік университеттерінде оқуға мүмкіндік алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Ғылым және  жоғары білім министрлігі 20 Тамыз 2024 2024, 16:54
20 Тамыз 2024 2024, 16:54
1446
Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

2024-2025 оқу жылында 300 қазақстандық студент Түркия Республикасының Türkiye Bursları гранттық бағдарламасы аясында Түркияның мемлекеттік университеттерінде оқуға мүмкіндік алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл бағдарлама – Түркияда жоғары білім алу үшін толық қаржыландыруды қамтамасыз ете отырып, шетелдік студенттерді қолдауға бағытталған негізгі бастамалардың бірі.

Әлемнің түкпір-түкпірінен талантты талапкерлерге арналған Türkiye Bursları бағдарламасы 1991 жылдан бері жұмыс істейді.

Осы уақытқа дейін Қазақстаннан бұл грантты 9 мыңнан астам студент иеленген еді.

Биылғы оқу жылына арналған грантқа ие болған қазақстандық студенттердің тізімі тамыз айында жарияланды.

Наверх