Қазақстанның соңғы жаңалықтары

300 мың теңге, баспана: Қандастарға биыл қандай қолдау көрсетіледі?

Бөлісу:
 ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2026 жылға арналған қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы 8 278 адам болып бекітілді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Квота Қазақстан Республикасы Үкіметі айқындаған өңірлерге халықты оңтайлы қоныстандыру мақсатында белгіленген.

Қандастар үшін бөлінген квота:

  • Павлодар облысы – 977 адам
  • Ақмола облысы – 285 адам
  • Абай облысы – 264 адам
  • Шығыс Қазақстан облысы – 200 адам
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 200 адам
  • Қостанай облысы – 200 адам
  • Атырау облысы – 125 адам
  • Батыс Қазақстан облысы – 30 адам

Қоныс аударушылар үшін бөлінген квота:

  • Солтүстік Қазақстан облысы – 2 820 адам
  • Павлодар облысы – 1 655 адам
  • Шығыс Қазақстан облысы – 600 адам
  • Қостанай облысы – 485 адам
  • Абай облысы – 275 адам
  • Ұлытау облысы – 125 адам
  • Қарағанды облысы – 37 адам

Өңірлік квотаға енгізілген қандастар мен қоныс аударушыларға бірқатар мемлекеттік қолдау шаралары көрсетіледі. Атап айтқанда:

  • Көшуге арналған субсидия – отбасының әрбір мүшесіне 70 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде біржолғы төлем;
  • Тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге төлем үшін 12 ай ішінде бір отбасына 15-тен 30 АЕК-ке дейін субсидия;
  • Қоныс аударуға жәрдемдесетін жұмыс берушілерге 400 АЕК көлемінде субсидия;
  • Қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жолдама беру;
  • Жұмысқа орналасуға немесе кәсіпкерлік бастаманы дамытуға қолдау көрсету;
  • Тұрғын үй сатып алуға арналған экономикалық мобильділік сертификаттарын беру.

Айта кетейік, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап экономикалық мобильділік сертификатының мөлшері 1 625 АЕК-ке дейін ұлғайтылды.

Еске салсақ, жыл басында қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдайтын өңірлер анықталған еді.

Өзгелердің жаңалығы