Жемқорлыққа қарсы агенттік "30 жаңа есім" жобасын қорытындылады

19 Желтоқсан 2019, 16:26
2430
Бөлісу:
Жемқорлыққа қарсы агенттік "30 жаңа есім" жобасын қорытындылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бұл рекрутингтік жобасы қызметкерлердің жаңа генерациясын қалыптастыру және Жастар жылын қолдау мақсатында ұйымдастырылды.  

Жоба аясында орталық және аумақтық органдарда жедел, превенция, серіктестік және парасаттылық бөлімшелерінің офицерлері, сарапшылары және мамандарының базалық позицияларына конкурстар өткізілді.  

Үш ай ішінде Агенттік 14 конкурс ұйымдастырып, әкімшілік және құқық қорғау блоктарының  конкурстық комиссиялардың 22 отырысын өткізді. Жалпы 30 лауазымға 238 үміткерден 335 өтініш тапсырылды. Ең үлкен  бәсекелестік әкімшілік блокта байқалды, ол жерде конкурс 1 орынға 17 адамды құрады, - дейді агенттіктің Кадр жұмысы департаментінің басшысы Нұрлан Жақсымбетов.

Оның айтуынша, құқыққорғау блогы бойынша 1 орынға тек 8 адам таласқан. Бұл құқық қорғау қызметінің ерекше талаптарына байланысты. Себебі, конкурс  процесінде үміткер денсаулық жағдайы бойынша жарымдылығын дәлелдеп, полиграфологиялық зерттеуден өтіп, физикалық нормативтерді тапсыруы қажет.

Іріктеу кезінде басымдық азаматтық сектордың өкілдеріне, шетелдік және  отандық жетекші ЖОО түлектеріне, сондай-ақ шет тілдерін меңгерген, ғылыми дәрежелері мен атақтары бар адамдарға берілді. 

Конкурстық комиссиялардың сұхбаты барысында тағайындау үшін 25 үміткерді ұсынылды. Олардың 5-і магистр, 11-і шет тілін, оның ішінде екеуі 2 тілді еркін меңгерген. Сондай-ақ, 4 үміткер бұрын "Адалдық алаңы" жобалық офисіне қатысқан, - дейді Нұрлан Жақсымбетов. 

Іріктелген үміткерлердің 21-і азаматтық сектордан. Олардың арасында 4-еуі шетелдік білім алған, ал біреуі "Болашақ" бағдармасының стипендиаты.

Өзгелердің жаңалығы