Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дүйсенбіде Қазақстанның шығыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтары арқылы атмосфералық фронттар өтеді, осыған байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
Кей жерде жауын-шашын (жаңбыр,сулы қар), оңтүстік-шығыста түнде және таңертең кей жерде қатты жауын-шашын, қалған аймақтарда жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Кей жерде республика бойынша найзағай, тұман күтіледі, жел 15-22 м/с күшейеді, шығыста кей жерде – көктайғақ болады деп күтілуде.
Түркістан облысының кей жерінде - тұман, жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең кей жерде найзағай күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең кей жерде тұман, көктайғақ күтіледі. Алматы және Жамбыл облыстарының кей жерінде найзағай күтіледі, Алматы облысының кей жерінде найзағай кезінде жел 17-22 м/с күшейеді, Жамбыл облысының кей жерінде – тұман. Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, түнде және таңертең Қарағанды облыстарның кей жерінде тұман күтіледі. Павлодар облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Қызылорда облысының кей жерінде түнде топырақта 1-3 градус үсік күтіледі.
Түркістан облысында, Қызылорда облысының шығыс бөлігінде, Жамбыл облысының батыс бөлігінде, Қарағанды облысының оңтүстік-шығыс бөлігінде, Батыс Қазақстан облысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік бөлігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.