30 тамызда ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс істемейді

29 Тамыз 2023, 08:40
645
Бөлісу:
30 тамызда ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс істемейді
Фото: архив

Конституция күнін мерекелеуге байланысты елде Халыққа қызмет көрсету орталықтары, оның ішінде мамандандырылған орталықтар 30 тамызда азаматтарды қабылдамайды, деп хабарлайды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі.

ХҚКО-лар мен мамандандырылған ХҚКО-лар жұмысын 31 тамыздан бастап, әдеттегі кесте бойынша жалғастырады.

Естеріңізге сала кетсек, ХҚКО әдетте, дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін, ал кезекші Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс күндері сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін, сенбі күні сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін азаматтарды қабылдайды.

Өзгелердің жаңалығы