Қазақстанның соңғы жаңалықтары

30 шақты КХДР әскері Оңтүстік Корея шекарасын кесіп өтті

24 Тамыз 2025, 18:16
698
Бөлісу:
 Yonhap
Фото: Yonhap

КХДР-дың шамамен 30 әскери қызметшісі ескерту хабарламаларына қарамастан, Оңтүстік Кореямен арадағы шекараны кесіп өтіп, соның салдарынан оңтүстіккореялық әскерилер ескерту оғын атқан, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Yonhap таратқан ақпаратқа сәйкес, бұл туралы БҰҰ Бітім жөніндегі комиссиясының тергеу тобы мәлімдеді.

Бұл оқиға Солтүстік Кореяның өткен аптада шекара нығайту жұмыстары кезінде оңтүстіккореялық әскерилердің 10-нан астам ескерту оғын атқаны үшін сынға алған күннің ертесінде болды.

Корея Республикасы күштері солдаттарға әскери демаркациялық сызықтан өтіп бара жатқанын бірнеше рет ескерткен. Бірақ олар ескертулерге құлақ аспады. Осыдан кейін әскерилер белгіленген аймақта ескерту оғын атып, солдаттарды сызықтың солтүстік жағына қайтуға мәжбүрледі, – делінген БҰҰ Бітім жөніндегі комиссиясының тергеу тобының мәлімдемесінде.

Сонымен бірге КХДР демилитаризацияланған аймақтың кейбір бөліктерінде құрылыс жұмыстары жүргізілетіні туралы алдын ала хабарлама жібергені де атап өтілді.

Бітім жөніндегі комиссияның тергеу тобы мұндай алдын ала ескертулер мен диалогтың маңыздылығын мойындайды. Бұл жағдайды қате түсінуден және тосын оқиғалардан сақтануға көмектеседі, – делінген құжатта.

Айта кетейік, өткен жылдың сәуірінен бастап солтүстіккореялық әскерилер шегендеу сызығынң маңында тікенек сым мен танкіге қарсы бөгеттер орнатып келе жатыр.

Өзгелердің жаңалығы