Қазақстандық бұрымды 30 секундта 17 тонналық жүк машинасын қозғады

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Пауэрлифтинг бойынша Азия чемпионы, сондай-ақ, зілтемірді жатып көтеруден Азия чемпионы алматылық Дарья Нестерова 17 тонналық жүк машинасын сүйреді.</h4>

 23 Шілде 2019 2019, 11:35
23 Шілде 2019 2019, 11:35
1971

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Пауэрлифтинг бойынша Азия чемпионы алматылық Дарья Нестерова 17 тонналық жүк машинасын сүйреді. 

Дарья құрыштай дене бітімі және спорттағы жетістіктерімен ғана көпшілікке белгілі емес. Ол ауыр жүк көліктерін сүйреумен де шұғылданып келеді. Мысалы Дарьяға 7 тонналық жүк машинасын немесе 50 жолаушысы бар 22 тонналық трамвайды орнынан қозғалту түкке тұрмайды. 

«Мен жай ғана қасынан өтіп кете алмадым. 17 тонна 30 секундта! Мен өзімді тежедім, бірақ трек-пулуға деген махаббатым басым түсті», - дейді ол. 



 

Наверх