30 мың әскери қызметші вакцина салдырды – Таласов

30 Сәуір 2021, 14:51
1295
Бөлісу:
30 мың әскери қызметші вакцина салдырды – Таласов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Мұхамеджан Таласов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да Қарулы күштерде заттай мүлікпен қамтамасыз ету және тамақтандыруды ұйымдастыру туралы өткен брифингте айтты.

Қарулы Күштері 15 госпиталь, лазарет және емхана, сондай-ақ қажетті медициналық құралдармен жабдықталған 130-дан астам медициналық пункт, рота мен бөлімше жұмыс істейді. Әскери-медициналық персонал жоғары технологиялық рәсімдер мен әскери санитарлық авиация қызметтерін қоса алғанда, шұғылдан бастап мамандандырылған көмекке дейінгі қажетті көмек көрсетуге дайын, - деді ол.

Таласов айтқандай, коронавирустан туындаған пандемия кезеңінде Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының госпитальдерінде инфекциялық стационарлар жұмыс істейді.

Ал өңірлік госпитальдер мен лазареттерде осындай қызметтер үшін қосымша инфекциялық бөлімшелер ашылған. Төрт ПТР-зертхана жұмыс істейді, олардың әрқайсысы тәулігіне 300-ге дейін талдама жүргізе алады. Қарулы күштердегі әскери-медицина қызметкерлерінің қажырлы еңбегінің және індеттің таралуының ең белсенді кезеңінде барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуының арқасында әскерде коронавирус инфекциясын жұқтырудың жаппай жағдайлары тіркелген жоқ, - деп түйіндеді Қорғаныс министрінің орынбасары.

Ол атағандай, Қарулы күштердің әскери қызметшілері мен азаматтық персоналына екпе егу жалғасуда.

Бүгінгі күні екпе алғандардың жалпы саны 30 мыңға жуық, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы