Ақсай өзенінде бөгет салған мердігер мәлімдеме жасады

24 Сәуір 2024, 11:13
15063
Бөлісу:
Ақсай өзенінде бөгет салған мердігер мәлімдеме жасады
Фото: скриншот

Компания нысан құрылысын 89%-ға аяқтағанын атап өтті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

"Tolagai-2050" құрылыс компаниясы өздерінің Instagram парақшасында мәлімдеме жасады.

ҚР ТЖМ "Қазселденқорғау" ММ басшысы Арман Ахметов 2024 жылы 12 сәуірде "мердігер компания өз міндеттемелерін орындамауына байланысты объектінің құрылысы тоқтатылды" деп мәлімдеді. Бұл қате ақпарат және ТЖ министрі Шыңғыс Әрінов жұртты жаңылыстырды, - делінген хабарламада.

Айта кетейік, "Қазселденқорғау" - нысан құрылысына тапсырыс беруші, ал "Tolagai-2050" - құрылыс компаниясы мердігер.

Нысанның тұрғанына бір жылдан асты. Осы күнге дейін тапсырыс беруші тарапынан нысанды сақтап қалуға және жобаны реттеуге мемлекеттік сараптамадан өтуге ешқандай шара қолданбаған. Қазіргі уақытта тапсырыс берушіде мемлекеттік сараптамаға тапсыратын құжаттардың толық пакеті бар және жобаның мемлекеттік сараптамадан өтуіне ешқандай кедергі жоқ. Алайда тапсырыс беруші өзінің тікелей міндеттерін орындаудың орнына, жауапкершілікті мердігерге арта салуға тырысып жатыр. Біз нысанның құрылысын 89%-ға орындадық және жобаны түзетудің мемлекеттік сараптамасының қорытындысы шыққаннан кейін егер бізге жұмыс істеуге мүмкіндік берсе, біз тапсырыс берушімен бірлесіп жұмыс істеуге дайынбыз, - дейді "Tolagai-2050" құрылыс компаниясы.

Еске сала кетейік, Алматыда ТЖМ-нің "Қазселденқорғау" мекемесімен келісімі болған мердігер ұйымның директоры бюджет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінді. 

"Компания" Ақсай өзені бассейнінде селден қорғайтын бөгет құрылысы" жобасын жүзеге асырған. Компанияның жауапты тұлғалары алдын ала сөз байласып, ірі көлемде қаржы жымқырды деген күдікке ілініп отыр. Алдын ала мәлімет бойынша шығын көлемі 775 млн теңгеден астам, - деп мәлімдеген болатын ведомствоның ресми өкілі Әлібек Әбділов.

Өзгелердің жаңалығы