Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 30 мамыр күні Қазақстан президенттігіне үміткерлердің сайлауалды штабтары жүргізген жұмыстарды назарларыңызға ұсынамыз.
ҚКХП атынан президенттікке кандидат Жамбыл Ахметбековтің Атырау облыстық сайлауалды штабы мотожарыс ұйымдастырды. Кандидаттың Алматы облыстық сайлауалды штабы Д.Қонаев атындағы этнографикалық музейін аралады және Оқушылар сарайында сайлаушылармен кездесті. Ахметбековтің Павлодар облыстық комитеті Ертіс өзенінде теплоходта кандидатты қолдау мақсатында серуен өткізді.
«Ақ жол» партиясынан президенттікке үміткер Дания Еспаева Павлодар облысының тұрғындарына сайлауалды бағдарламасын таныстырып, Екібастұз жұртшылығымен кездесті.
ҚР президентіне үміткер Әміржан Қосановтың Алматыдағы сайлауалды штабының мүшелері және сенімді өкілдері Ұлттық кітапханада мәдениет қызметкерлерімен кездесті. Петропавлда кандидаттың облыстық сайлауалды штабында сайлау күні учаскелерде дауыс беру процесін қадағалайтын бақылаушылар үшін семинар өткізілді.
«Ауыл» партиясынан кандидат Төлеутай Рақымбеков Маңғыстау облысының тұрғындарына сайлауалды бағдаралмасын таныстырды.
«Қазақстан кәсіподақтар федерациясынан» ҚР президенттігіне кандидат Амангелді Таспиховтың сенімді өкілдері Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданының орталығы Кандыағаш қаласына барды.
Өскеменде президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау мақсатында «Еліміздің болашағы – біздің қолымызда» форумы өтті. Ақтау айлағының қызметкерлері Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын қолдайтынындарын жеткізді. Кандидаттың штаб өкілдері Жамбыл өңірінде жастармен, жұртшылықпен және еңбек ұжымдарымен кездесті.
ҚР президенттігіне кандидат Сәдібек Түгелдің сенімді өкілдері Жезқазғанда концерт ұйымдастырды.