Қазақстанның соңғы жаңалықтары

3 жылдан аса Барселонада жасырынған күдікті Қазақстанға қайтарылды

Бүгiн, 11:48
191
Бөлісу:
 @BAQ.KZ-тің архиві - Арман Мухатов
Фото: @BAQ.KZ-тің архиві - Арман Мухатов

Лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану және қызметтік жалғандық жасауда күдікке ілінген тұлға Испаниядан экстрадицияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің қызметкерлері Қазақстанның Испания Корольдігіндегі елшілігінің қолдауымен Барселона қаласынан лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану және қызметтік жалғандық жасау фактілері бойынша күдікке ілінген Қазақстан Республикасының азаматын экстрадициялады.

Ол 2020 жылы кеден органдарының қызметкері бола отырып, ақпараттық дерекқорға жалған мәліметтер енгізу арқылы 8 автокөліктің иелерін бюджетке төленуге тиіс кедендік баждардан заңсыз босатқан деп күдіктелуде.

Келтірілген залалдың жалпы сомасы 45 миллион теңгеден асады. Күдікті үш жылдан астам уақыт бойы қылмыстық қудалау органдарынан бой тасалап, халықаралық іздеуде болған, кейін Испания аумағында ұсталды.

Қазіргі уақытта күдікті Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.

Өзіне тағылған қылмыстарды жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, жеті жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Өзгелердің жаңалығы