3 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

Қазақстан аймақтарында 3 желтоқсанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

3 Желтоқсан 2022 2022, 09:03
АВТОР
 3 Желтоқсан 2022 2022, 09:03
3 Желтоқсан 2022 2022, 09:03
3466

Қазақстан аймақтарында 3 желтоқсанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын Қазгидромет жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен шығыста, орталықта, солтүстік-батыста және Алматы облысының таулы аудандарында қар, жаяу бұрқасын сақталады, ҚР қалған аймақтарында жауын-шашынсыз болады.

Еліміздің батысында, оңтүстіктің таулы аудандарында, оңтүстік-шығысында тұман күтіледі.

Республиканың батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстіктің таулы аудандарында жел күшейеді.

Наверх