"3 ұл, 7 қыз": Шымкентте 39 жастағы ана оныншы перзентін дүниеге әкелді

13 Қараша 2024, 16:20
453
Бөлісу:
"3 ұл, 7 қыз": Шымкентте 39 жастағы ана оныншы перзентін дүниеге әкелді
Фото: Видеодан кадр

Шымкенттік ана оныншы перзентін дүниеге әкелді. 39 жастағы келіншек табиғи жолмен босанған, деп хабарлайды BAQ.KZ Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Гүлбану Пірімқұлова 6 қараша күні қалалық перзентханаға толғақпен түскен. Қазір ана мен нәрестенің жағдайы жақсы. 

Батыр ана жұбайымен бірге 3 ұл, 7 қыз тәрбиелеп отыр. Жанұяның тұңғышы студент. Пірімқұловтар отбасының ұл-қыздары еңбекке бейім, ата-анасына қолғабыс көрсетеді.

Бәрі өте күшті өтті. Босануым да өте жеңіл болды. Оныншысын босандым, салмағы 5100 болды, ешқандай қиындықсыз. Дәрігерлерге алғысым шексіз! - дейді Гүлбану Пірімқұлова.  

Өзгелердің жаңалығы