3 тамыздан бастап қандай нысандардың жұмысына рұқсат бар?

28 Шілде 2020, 09:35
4909
Бөлісу:
3 тамыздан бастап қандай нысандардың жұмысына рұқсат бар?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР денсаулық сақтау министрі Алексей Цой онлайн Үкімет отырысында еліміздегі коронавирус инфекциясына байланысты эпидемиологиялық жағдайды баяндады.

Ол қазіргі қатаң карантин режимін сақтай отырып, 3 тамыздан бастап рұқсат етілетін нысандардың жұмысы туралы айтты.

Қатаң санитариялық-дезинфекциялық режим нормаларын сақтаған жағдайда, маска тағу және әлеуметтік қашықтық сақталған жағдайда 2020 жылғы 3 тамыздан бастап инфекция репродуктивтілігі бірліктен аз болған жағдайда, сондай-ақ апта ішінде төсек-орындардың 70 пайыздан төмені бос болмаса, өлім деңгейі түссе, келесі инфрақұрылымдық нысандардың қызметіне рұқсат етіледі:

- Жұмыс істеу уақыты және күнін шектей отырып, сауда-ойын сауық орталықтары, сауда орындары, сауда орталықтары, жабық азық-түлік және азық-түлік сатпайтын базарлар;
- Әр топта 5 адамнан аспайтын балалар коррекциялық орталықтары, үйірмелер, білім беру орталықтары, мектепке дейінгі білім беру мекемелері кезекші топтарды ашу режимінде; 
- Алдын ала жазылып, сұлулық салондары, шаштараздар, косметикалық және косметологиялық қызмет көрсететін сұлулық орталықтары, маникюр және педикюр;
- Мемлекеттік органдар және басқа да ұйымдар, кеңсе қызметкерлері 80/20 пайыз көрсеткішпен жұмыс істеу керек;
- Таза ауада қашықтық сақтай отырып, жеке және топтық жаттығулар жасау; 
- Сондай-ақ, ұлттық құрамалар 30-дан астам адам жиналмай, жаттығу жасауға;
- Көшелерде, парктерде, саяжайларда 3 адамнан артық емес топпен серуендеуге.

Қоғамдық көліктердің уақыты шектеулі, маска тағу, кондуктор болу, санитарлық нормаларға сай және 50 пайыздан көп адам отырғызбай жұмыс істеуіне рұқсат беріледі, - деді ол.
Министр төмендегі нысандардың жұмысына тыйым салынатынын айтты.

- Жаппай адам жиналатын шараларға, кинотеатрлар, фудкорттар, көңіл көтеретін ұйымдар, банкет залдары, ресторандар, барлар, түнгі және ойын клубтарының жұмысына әлі де тыйым салу;
- Мәдени шаралар, конференция өткізу, форум, көрме өткізуге тыйым салу;
- Бассейндер, фитнес орталықтары, аквапарктер, саяжайлардың жұмысына тыйым салу; 
- Діни нысандардың жұмысына тыйым салу.

Сондай-ақ, қала маңындағы жолаушылар поездарының (жұмыс поездарынан басқа электр пойыздарының) қозғалысына тыйым салуды сақтау, жалпы вагондарды, қалааралық автобустарды (шағын автобустарды) қалыптастыру жоспарлануда.

Өзгелердің жаңалығы