"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 3 сәуірде елдің бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында тұман.
Абай облысының солтүстігінде, орталығында тұман түседі.
Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.
Ақтөбе облысында жаңбыр күтіледі, облыстың батысында, орталығында кей уақыттарда қатты жаңбыр, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оралда тұман күтіледі.
Түркістан облысының оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі облыстың батысында сақталады, облыстың орталығында, солтүстігінде күтіледі. Түркістанда жоғары өрт қаупі сақталады.
Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Атырауда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Павлодарда тұман күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Өскеменде түнде және таңертең тұман күтіледі.
Қызылорда облысының оңтүстігінде, орталығында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың орталығында, солтүстігінде, оңтүстігінде шаңды дауыл, дауыл, найзағай, бұршақ күтіледі. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың орталығында, солтүстігінде, оңтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылордада күндіз найзағай күтіледі.
Қостанай облысының оңтүстігінде, батысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с. Қостанайда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Ақмола облысының солтүстік жартысында тұман күтіледі. Көкшетауда таңертең тұман күтіледі.
Ұлытау облысының батысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-18 м/с.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі.
Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Петропавлда түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі.
Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел күтіледі, облыстың шығысында, батысында екпіні 15-20 м/с. 03-05 сәуірде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.