3 сағатта робот машина құрастырдық – мектеп оқушысы

8 Маусым 2022, 17:56
1947
Бөлісу:
3 сағатта робот машина құрастырдық – мектеп оқушысы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мектеп оқушылары 3 сағатта робот машина құрастырды. «INFOMATRIX – ASIA» халықаралық компьютерлік жобалар жарысының жеңімпазы Ерасыл Қайыпов б роботты қалай жасағанын түсіндірді.

6-8 маусым аралығында Сулейман Демирель атындағы университетте халықаралық «INFOMATRIX – ASIA» байқауы өтті. Елімізден жəне өзге елдерден жарысқа 365 өнертапқыш қатысты.  Қатысушылар 6 бағыт бойынша жобаларын ұсынды: Robotics Computer, Programming Computer, Art Hardware, Control Systems, Short Movie, Mathematics Project. 

3 сағатта робот машина құрастырдық – мектеп оқушысы

Robotics Computer бағыты бойынша командасымен І орын алған Ерасыл Қайыпов – Шымкент қаласындағы «Білім-Инновация» мектебінің 10-сынып оқушысы. Оның айтуынша, мұндай жарыстар IT саласы бойынша өзге оқушылармен тәжірибе алмасуға көмектеседі. 

3 сағатта робот машина құрастырдық – мектеп оқушысы

Біз бұл жарыстың болатынын бір ай бұрын білдік. Бірнеше апта бойы Arduino USB базалық платформасы арқылы робот машина құрастырып, байқауға дайындалдық. Бұл жеңіс біздің командамызға тынымсыз еңбектің арқасында келді. Жарыста тапсырманы орындауға 5 сағат уақыт берілді, бірақ біз 3 сағатта робот машинаны құрастырдық. Роботымыз тік төртбұрыш аренада әр бұрышта тұрған заттарды алып, ортадағы сары шеңберге қояды. Оны Bluetooth модуль арқылы телефондағы  қосымшаның көмегімен басқарамыз, белгілі бір градуста қисайта аламыз. Байқауда І орын алғанымызға өте қуаныштымыз. Мұндай жарыстар бізге өзге мемлекеттің бағдарламалауға қызығатын жас өнертапқыштарымен танысуға, тәжірибе алмасуға көмектеседі, – деп түсіндірді ол. 

Жеңімпаз команданың мүшелері Әлинұр Тұрдықұл мен Ерасыл Түгелбай келесі жылы 11-сынып бітіргенде осындай халықаралық байқаулардан алған жетістіктері университетке грантқа түсуге көмектесетіне қуанышты. 

3 сағатта робот машина құрастырдық – мектеп оқушысы

Шараның ұйымдастырушысы, IT саласының маманы Исмаил Гесанның айтуынша, жылдан жылға жарысқа қатысушы оқушылардың деңгейі жоғарылап, қатысқысы келетін оқушылардың саны артып келеді.

3 сағатта робот машина құрастырдық – мектеп оқушысы

«INFOMATRIX – ASIA» биыл 8-ші рет ұйымдастырылып отыр. Жарыс жыл сайын дәстүрлі түрде Сулейман Демирель университетінде ұйымдастырылады. Бұл байқаудың басқалардан айырмашылығы – бір категория бойынша ғана емес, 6 бағыт бойынша өткізілуі. Балалардың IT саласы бойынша қабілеттерін әртүрлі бағыттар бойынша тексеру өте маңызды. Жарысқа 400-ден астам жоба тіркелді. Комиссия мүшелері 165 жобаны іріктеп алды. Байқауға барлығы 365 оқушы қатысты. Олардың жұмыстарын Google, Facebook сияқты әлемдік компанияларды жұмыс істейтін мамандар бағалады. Биыл қатысушылардың деңгейі жоғары. Балалардың ақпараттық технологиялар саласына қызығушылығы артып келеді, жылдан жылға деңгейлері де жақсарып келе жатқанын байқадық. Болашақта осы оқушылар мықты IT маманы болады деген үміттемін, – деді «Білім-Инновация» халықаралық қоры IT-департаментінің басшысы. 

Ақпараттық технологиялар саласын дамытуға бағытталған байқау Білім жəне ғылым министрлігінің қолдауымен «Білім-Инновация» ХҚҚ ұйымдастыруымен өтті. 

Өзгелердің жаңалығы