Бүгін еліміздің 3 қаласында ауа сапасы нашарлайды

5 Мамыр 2019, 09:54
2151
Бөлісу:

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК мамандары жексенбі күні қай қалада ауа сапасы нашарлайтынын хабарлады.

"2019 жылғы 5 мамырда Нұр-Сұлтан, Қарағанды және Теміртау қалаларында ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі", - делінген ведомствоның хабарламасында.
 
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. 

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал. 
Өзгелердің жаңалығы