"Отау" бағдарламасы бойынша 15 мың өтінім қабылданды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде Алматы қаласы "Отбасы банк" АҚ филиалының директоры Данагүл Түсіпова мәлімдеді.
3 сәуіріндегі жағдай бойынша қабылданған өтінімдердің жалпы саны 20 662 жетті. Оның ішінде 15 000-ға жуық өтінім сәтті қабылданды, 5 976 өтінім бағдарлама шарттарына сәйкес келмегендіктен қабылданбады. Өтінімдердің 67%-ы 35 жасқа дейінгі банк салымшыларынан қабылданғанын атап өтуге болады. Өтінімдердің басым бөлігі алматылықтардан - 3 087 өтінім, Астана тұрғындарынан - 2 412 өтінім, Батыс Қазақстан облысының тұрғындарынан - 1 304 өтінім, Ақтөбе облысының тұрғындарынан - 1 196 өтінім, Шымкент қаласының тұрғындарынан - 940 өтінім қабылданды. Ал Жетісу - 213 өтінім, Түркістан - 178 өтінім, Ұлытау облыстарының тұрғындарынан - 93 өтінім жолданған, – дейді Данагүл Түсіпова.