3 млрд теңге жұмсалған. Сотталғандар кредиттер рәсімдеп, бәс тігіп, құмар ойындарға қатысқан

14 Мамыр 2024, 11:44
497
Бөлісу:
3 млрд теңге жұмсалған. Сотталғандар  кредиттер рәсімдеп, бәс тігіп, құмар ойындарға қатысқан
Фото: pixabay.com

Алматы облысының прокуратурасы, түзеу мекемелерінде елеулі бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тексеру нәтижесінде Алматы облысының прокуратурасы, түзеу мекемелерінде елеулі бұзушылықтарды анықтады.

Сотталғандар, ұялы телефондар пайдалану арқылы онлайн сатып-алуды, кредиттерді рәсімдеп және букмекерлік кеңселер мен онлайн-казино арқылы құмар ойындарға қатысқан, онда ақша қаражатының жалпы айналымы 3 млрд теңгеден асады.

№10-шы мекеменің сотталғандары, мобильді құрылғыларды қолдана отырып, рұқсат етілген және тыйым салынған заттарды мекеме ішінде сатқан.

Аталған дерек бойынша Алматы облысының прокуратурасымен ҚК-нің 361-бабы 2-1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді.

Іле аудандық сотының үкімімен осы мекеменің үш қызметкеріне түрлі жазалау шаралары қабылданды.

Бұдан басқа, облыс прокуратурасы ҚК-нің 361-бабы 2-1-бөлігі бойынша №12 және №57 мекемелердің қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, №57 мекеме бастығына қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. ​

Анықталған деректер, қылмыстық-атқару жүйесіндегі мекеме қызметкерлерінің қатысуымен бұзушылықтардың жалғасып жатқандығын айғақтайды.

Тергеу жалғасуда және қазіргі уақытта ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялануға жатпайды.

Өзгелердің жаңалығы