Қазақстанның соңғы жаңалықтары

3 млрд 700 млн теңге: Түркістан облысында білім бөлімінің 14 қызметкері сотталды

3 Қыркүйек 2025, 00:50
1293
Бөлісу:
 istockphoto.com
Фото: istockphoto.com

Түркістанда білім бөлімінің 14 қызметкері сотталды. Бұл туралы BAQ.KZ Qazaqstan телеарнасына сілтеме жасап.

Түркістан облысында Шардара аудандық білім бөлімінің 14 қызметкеріне сот үкімі шықты. Олар 3 млрд 700 млн теңге көлемінде бюджет қаражатын жымқырғаны үшін айыпты деп танылды. Яғни білім бөлімінің бұрынғы басшылығы мен есепшілері 2 млрд теңгені қалтаға басқан.

Мектепте жұмыс істемейтін туыстары мен таныстарының банк карталарының деректерін жасырын енгізу арқылы ақша аударып келген. Сот барысында олардың қылмысы толық дәлелденді.

Сот шешіміне сәйкес, Шардара ауданының білім бөлімінің басшысы 10 жыл, есепшілер 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылу жазасы тағайындалды.

Өзгелердің жаңалығы