3 млн хабарлама тексеріліп жатыр: Эпштейн ісінде Қазақстан аты аталды ма?

Шамамен 3 миллионға жуық хабарлама бар, әрі олар үзік-үзік берілген. Қазір деректер толық зерттеліп жатыр.

 Бүгiн 2026, 12:15
Бүгiн 2026, 12:15
142

Сенат кулуарында Бас прокурордың орынбасары Ерлан Өтегенов депутаттық сауалдан кейін Эпштейн ісіне қатысты материалдар бойынша қазақстандық шенеуніктердің ықтимал қатысы тексеріліп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, іс материалдары өте ауқымды және күрделі.

Онда шамамен 3 миллионға жуық хабарлама бар, әрі олар үзік-үзік берілген. Қазір біз деректерді толық зерттеп жатырмыз. Қазақстан азаматтары қай жерлерде аталады және жалпы Қазақстан туралы қандай мәліметтер бар – соның бәрі тексерілуде, – деді Бас прокурордың орынбасары Ерлан Өтегенов.

Журналистер шенеуніктердің кем дегенде біреуінің қатысы анықталды ма және тексеру қанша уақытқа созылады деген сұрақ қойған кезде, Бас прокурордың орынбасары жұмыс әлі жалғасып жатқанын айтты.

Оның сөзінше, ақпарат көлемі өте үлкен болғандықтан, барлық деректі мұқият талдап, олардың шынайылығын тексеру қажет.

Еске сала кетейік, бұған дейін Мәжіліс депутаты Асхат Рақымжанов Кәрім Мәсімов пен Қайрат Келімбетовтің адам саудасы үшін айыпталған Джеффри Эпштейнмен ықтимал байланысын анықтауды талап еткен болатын.

Соған орай, Бас прокурор Берік Асылов бұрынғы қазақстандық шенеуніктердің атына қатысты айтылған мәлімдемеге байланысты пікір білдіріп, Мәсімов пен Келімбетовтің Эпштейнмен байланысы тексеріліп жатқанын мәлімдеген еді.

Наверх