Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда еліміздің басым бөлігі антициклонның ықпалында болады. Осыған байланысты ауа райы жауын-шашынсыз, тек республиканың батыс, шығыс және оңтүстік-шығыс аудандарында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты, жауын-шашын сақталады.
Жамбыл облысының кей жерінде тұман түседі, кей жерінде жел 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с күшейеді.
Атырау облысының басым бөлігінде шаңды дауыл болып, жел 17-22 м/с, күндіз екпіні 25 м/с күшейеді.
Ақтөбе облысында жел, түнде кей жерінде, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с күшейеді, күндіз кей жерде шаңды дауыл болуы ықтимал.
Маңғыстау облысының кей жерінде 15-20 м/с күшейеді, шаңды дауыл болады.
Қарағанды облысының кей жерінде тұман, бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді.
Алматы облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең кей жерде тұман түседі.
Қостанай облысында түнде және таңертең кей жерде тұман түсіп, күндіз кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Батыс Қазақстан облысында күндіз, Түркістан, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облыстарында жел 15-20 м/с күшейеді.
Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман түседі.