Асыққан жүргізуші 3 айлық сәби мен анасын басып кетті

5 Наурыз 2020, 10:53
2794
Бөлісу:
Асыққан жүргізуші 3 айлық сәби мен анасын басып кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 4 наурыз күні түнде Сарыкемер ауылында жол апаты болды, деп хабарланды Polisia.kz сайтында. 

Анықталғандай, "BMW 728" маркалы көліктің 28 жастағы жүргізушісі 44 жастағы әйелді 3 айлық баласымен қоса жаяу жүргіншілер жолында қағып кеткен. Сәбидің анасы оқиға орнында көз жұмды. Нәрестені Байзақ аудандық орталық ауруханасына жеткізген, дегенмен алған жарақаты салдарынан артынша сәби де көз жұмды, - делінген ведомство хабарламасында.

Оқиға орнын тексеру барысында жолдың құрғақ, ешқандай ақаусыз болғаны анықталды. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес жүргізуші алкогольдік және есірткі заттарын пайдаланбаған. 

Ұсталған азаматтың айтуы бойынша, әйелі екеуінің арасында жанжал шығып, жүргізуші жылдамдықты күрт арттырған. Алдында келе жатқан көлікті айналып өту кезінде ол рөлді басқара алмай, жаяу жүргіншіні қағып кетті. 

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жүргізуші өз кінәсін толық мойындады. Кінәлі Тараз қаласының ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды, машина арнайы тұраққа қойылды. 

Қазір аталмыш іс бойынша тергеу шаралары жүргізілуде.

Өзгелердің жаңалығы