Бұл туралы үкімет отырысында Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Соңғы жылдары электрлі самокаттар мен мопедтер мәселесі айтарлықтай күшейді және олардың жол жағдайына әсері артпаса, төмендемейді. Жолдарда олардың саны айтарлықтай көбейді. Тек соңғы екі күнде мопедистердің кінәсінен 3 адам қаза тапты. Осыған байланысты 30 тамызда Мәжіліс депутаттарымен бірлесіп әзірленген заң жобасы қабылданды, – деді министр.
Оның айтуынша, заңда электрлі самокат ұғымы, жүріп-тұру ережелері, сондай-ақ олардың жүргізушілерінің құқықтары мен міндеттері бекітілген.
Бұл шаралар олардың жүрісін реттеуге мүмкіндік берді, ал полицияда ықпал етудің нақты тетіктері пайда болды. Нәтижесінде қыркүйек айында ғана самокат жүргізушілері тарапынан 1,7 мыңнан астам бұзушылық анықталды. Оның ішінде кәмелетке толмағандардың жүріс бөлігінде электрлі самокаттарды басқарудың 562 дерегі анықталды, – деді Шәріпханов.
Ол бұл мәселені тек полиция арқылы шешу мүмкін емес екенін айтады.
Шәріпханов әкімдіктер тарапынан инфрақұрылымды дамыту бойынша осындай ұсыныстар айтты.
- бөлінген жолақтарды жайластыру;
- жеке веложолдар салу;
- электрлі самокаттардың қозғалысына тыйым салынған аймақтарға бөлу керек.