Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті кезінде елордада балабақшалар жұмыс істемейді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қазақстанның Оқу-ағарту және Ішкі істер министрліктерінің хатына байланысты елордада 3-4 шілде күндері мектепке дейінгі ұйымдар жұмыс істемейді, - деп жауап берді Астана қаласы Білім басқармасының баспасөз қызметі.
Еске сала кетейік, 3-4 шілдеде Астанада Қазақстан Республикасының төрағалығымен Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті өтеді.
Іс-шараға Қазақстан, Үндістан, Иран, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Беларусь, Моңғолия, Әзірбайжан, Катар, БАӘ, Түркия және Түркіменстан мемлекеттері мен үкіметтері, сондай-ақ ШЫҰ елдерінің басшылары қатысады. ШЫҰ аймақтық терроризмге қарсы құрылымдарының Бас хатшысы және Атқарушы директоры.
Еске сала кетейік, Қазақстан 2023 жылғы 5 шілдеден 2024 жылғы маусымға дейін Қазақстан Республикасы Шанхай ынтымақтастық ұйымына төрағалық етті.