+29°С: Бүгін қай өңірде күн ысып, қай жерде жаңбыр жауады?

Күн райы күрт жылынады: Оңтүстікте термометр бағаны +29°С-қа дейін көтеріледі.

 pexels.com Бүгiн 2026, 09:43
Бүгiн 2026, 09:43
204
Фото: pexels.com

«Қазгидромет» еліміздің қалалары бойынша 30 наурыз, дүйсенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында күн жылы болып, температура 25–29 градусқа дейін көтеріледі, ал батыста жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Солтүстік пен шығыста тұман түсіп, ауа температурасы 7–17 градус жылылықты көрсетіп, салқын ауа райы сақталады.

Қалалар бойынша ауа райы болжамы

  • Астана - көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан, шығыстан 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде 1-3 градус аяз, күндіз 14-16 градус жылы.

  • Алматы - көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде 7-9, күндіз 24-26 градус жылы.

  • Шымкент - көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде 9-11, күндіз 25-27 градус жылы.

  • Түркістан - көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде 11-13, күндіз 27-29 градус жылы.

  • Қонаев - көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 3-5, күндіз 23-25 градус жылы.

  • Талдықорған - көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 3-8 м/с, күндіз екпіні 14 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 1-3, күндіз 23-25 градус жылы.

  • Қызылорда - көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде 8-10, күндіз 25-27 градус жылы.

  • Тараз - көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 8-10, күндіз 23-25 градус жылы.

  • Ақтау - көшпелі бұлт шығады, түнде және таңертең жаңбыр жауады, тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде 8-10, күндіз 14-16 градус жылы.

  • Атырау - көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан, шығыстан түнде 2-7, күндіз 6-11 м/с. Ауа температурасы түнде 8-10, күндіз 22-24 градус жылы.

  • Орал - көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа ауысады, жылдамдығы 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде 4-6, күндіз 20-22 градус жылы.

  • Ақтөбе - аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде 5-7, күндіз 20-22 градус жылы.

  • Қарағанды - көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде 0-2, күндіз 16-18 градус жылы.

  • Жезқазған - көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде 4-6, күндіз 21-23 градус жылы.

  • Қостанай - көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел бағыты шығыстан 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде 0-2 градус аяз, күндіз 14-16 градус жылы.

  • Көкшетау - көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан, шығыстан 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде 0-2, күндіз 15-17 градус жылы.

  • Петропавл - көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, тұман түседі. Жел шығыстан 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 0-2, күндіз 10-12 градус жылы.

  • Павлодар - көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде 0-2 градус аяз, күндіз 10-12 градус жылы.

  • Семей - көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан 4-9 м/с. Ауа температурасы түнде 1-3 градус аяз, күндіз 10-12 градус жылы.

  • Өскемен - көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел солтүстік-батыстан 4-9 м/с. Ауа температурасы түнде 1-3 градус аяз, күндіз 7-9 градус жылы.

Наверх