Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК 29 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Синоптиктердің хабарлауынша, Қазақстан ауамағының басым бөлігіне антициклон әсер етеді, осыған байланысты оңтүстігінде, батысында және солтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Еліміздің шығысы мен орталығы циклон әсерінде болғандықтан, атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты қар жауады. Кей жерде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі сақталады.Жамбыл облысының кей жерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, түнде желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с күшейеді.
Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман, түнде бұрқасын күтіледі, түнде жел 15-20, кей жерлерде жел 23-28 м/с жылдамдықпен соғады.
Ақмола облысының кей жерінде тұман, түнде бұрқасын күтіледі, жел түнде кей жерде 15-20 м/с күшейеді.
Маңғыстау облысының кей жерінде тұман түсіп, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.
Алматы, Қызылорда, Түркістан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман түседі.