«Қазгидромет» РМК 28 тамызға арналған Қазақстан аумағындағы ауа райының қолайсыз құбылыстарының болжамымен бөлісті. Синоптиктердің болжауынша, еліміздің басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, қатты жел соғады, бұршақ жауады деп болжанады. Қазақстанның батысында, солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады деп күтіледі, Алматы облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болуы ықтимал. Еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында тұман түседі деп күтіледі, – деп жазды «Қазгидромет» РМК.
Жамбыл, Қызылорда облыстары, Ақтөбе өңірінің батысында, оңтүстігінде, орталығында, Атыраудың батысында, шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Маңғыстаудың солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Жетісу, Абай, Шығыс Қазақстан облыстарында, Ұлытау облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстігінде, орталығында өрт қаупі жоғары.