28 наурыздан бастап қала маңына қатынайтын экспресс автобустар тоқтайды

27 Наурыз 2020, 19:54
1745
Бөлісу:
28 наурыздан бастап қала маңына қатынайтын экспресс автобустар тоқтайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 28 наурыздан бастап қала маңына қатынайтын экспресс автобустар тоқтайды. Бұл туралы "City Transportation Systems" компаниясының Басқарушы директоры Дәурен Нұрәлиев айтты.

Карантиндік шаралардың қатаңдатылуына байланысты қоғамдық көлікте қосымша шектеулер пайда болды. Автобустардың алдыңғы бөлігіне арнайы қызыл ленталар қойылды. Бұл автобус жүргізушісі мен жолаушылардың арасындағы қашықтықты сақтайды. Яғни бұл да сақтықтың бір түрі, - деді CTS өкілі. 

Дәурен Нұрәлиевтің айтуынша, мұндай тәжірибе басқа елдерде де бар. Мысалы, бұған дейін Ресей, Германияда енгізіліп, қолданылып келеді. 

Сонымен қатар, ертеңнен, яғни 28 наурыздан бастап экспресс және қала маңына қатынайтын автобустар тоқтайды, - деді ол.
Естеріңізге сала кетейік, елордадағы №1 автобус паркі карантинге жабылған болатын. Мониторинг барысында №1 автобус паркінің қызметкері коронавирус жұқтырған адаммен байланыста болғаны анықталды. Қызметкерлер мен жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін автопарк карантинге жабылды. Автопарк пен автобустар дезинфекциядан өтті. Қызметкермен жақын қарым-қатынаста болғандардың бір бөлігі стационарға жатқызылса, ал қалғандары үй карантинінде.

Өзгелердің жаңалығы