Қазақстанның соңғы жаңалықтары

-27°С Астанада, +10°С Алматыда: Синоптиктер үш күндік ауа райын болжады

Бөлісу:
 ©BAQ.KZ архиві
Фото: ©BAQ.KZ архиві

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 11, 12 және 13 ақпан күндеріне Астана мен Алматы қалаларына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Астанадағы ауа райы қандай болады?

11 ақпан – құбылмалы бұлтты, түнде және таңертең қар жауады, көктайғақ. Боран соғады. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде және күндіз -13…-15°С, күндіз біртіндеп төмендейді.

12 ақпан – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыс желі 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде -23…-25°С, күндіз -17…-19°С.

13 ақпан – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыс желі 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде -25…-27°С, күндіз -13…-15°С.

Ал Алматыда күн райы қалай болжанып отыр?

11 ақпан – құбылмалы бұлтты, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар). Кешке әлсіз тұман. Оңтүстік-шығыс желі солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде 0…+2°С, күндіз +8…+10°С.

12-13 ақпан – құбылмалы бұлтты, кей уақыттарда жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, жолдарда көктайғақ. Солтүстік-батыс желі 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде -3…-5°С, күндіз 0…+2°С.

Еске салсақ, «Қазгидромет» РМК мамандары 10, 11 және 12 ақпанға ауа райы болжамын жариялады. Қазақстанның басым бөлігінде қар мен жаңбыр жауып, боран, көктайғақ, бұршақ, қатты жел болады. Кезең соңында антициклон келіп, солтүстік пен орталықта аяз -30 градусқа дейін күшейеді.

Өзгелердің жаңалығы