Бас әскери прокурордың бірінші орынбасары әділет полковнигі Мақсат Қазиев сарбаздардың өліміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Журналист брифингте "Соңғы үш жылда 270 сарбаз әскерде қаза тапқан. Бұл цифрлар қайдан алынды және кімдер?" деп сауал қойды.
Иә, шынымен бұл цифр 2023 жылы сәуір айында Парламент қабырғасында айтылды. Статистикаға сүйенсек, онда 2020 жылы – 78 әскери қызметші, 2021 жылы – 96 әскери қызметші, 2022 жылы – 85 әскери қызметші қаза болды. Олардың ішінде 91 әскери қызметші қызмет барысында қаза тапқан, ал қалған 179 әскери қызметші қызметтен тыс уақытта көз жұмған, бұл жалпы санының 66 пайызы, - дейді Қазиев ОКҚ өткен брифингте.
Спикер қызметтен тыс уақытта қаза тапқандардың негізгі себептеріне тоқталды. Сөзінше, олардың 36 пайызы аурудан көз жұмған.
Қызметтен тыс уақытта жол-көлік оқиғалары болған. Онымен қоса, 56 сарбаз өз-өзіне қол салған, - деді ол.