Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 27 тамыз күні республика аумағының оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығысында және солтүстік-шығысында құбылмалы ауа райы сақталады. Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты жаңбырмен бірге найзағай күтіледі, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
Сонымен қатар, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады. Республиканың батысында және солтүстік-батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Жекелеген өңірлерде тұман, желдің күшеюі, дауыл, бұршақ болжанады.
Алматы облысының кей жерінде желдің екпіні 25 м/с күшейеді, кей жерде бұршақ жаууы ықтимал.
Жамбыл облысында найзағай ойнап, жел 15-20 м/с артады. Кей жерде тұман, бұршақ күтіледі.
Түркістан облысының кей жерінде дауыл, 15-20 м/с екпіндегі жел, бұршақ болжанады.
Түнде және таңертең Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман күтіледі. Күндіз Шығыс Қазақстан облысында желдің күші 15-20 м/с күшейеді.
Павлодар, күндіз Қарағанды облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Қарағанды облысында бұршақ жаууы ықтимал.
Қызылорда облысында, Түркістан, Атырау облыстарының кей жерінде, Жамбыл облысының батысында, Батыс Қазақстанның оңтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі күтіледі.