Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 8 ақпандағы ақпаратты жариялады.
8 ақпандағы мәлімет бойынша, 27 028 адам коронавирус инфекциясынан (16 770 КВИ+ және 10 258 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 5 804 пациент стационарда, 21 224 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 268 адамның жағдайы ауыр;
• 49 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 42 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.