Қазақстанның соңғы жаңалықтары

26 қарашада Шымбұлақта қысқы маусым техникалық түрде ашылады

26 Қараша 2025, 03:08
276
Бөлісу:
 Курорттың баспасөз қызметі
Фото: Курорттың баспасөз қызметі

26 қараша күні, Шымбұлақ тау-курортында қысқы маусымның техникалық ашылуы өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Курорттың баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, алғашқы күннен бастап келушілер үшін Сол жақ Талғар және жаңадан бастаушыларға арналған Ақ қонжық, Жылан және Ақ барыс трассалары ашылады.

Сонымен қатар биыл негізгі жалға беру аумағы мен маусымдық локерлер Медеу базалық станциясына ауыстырылған. Ал Шымбұлақ станциясында келушілер заттарын күнделікті форматта сақтай алатын арнайы ұяшықтар жұмыс істейді, – деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, былтыр техникалық ашылу 23 қарашада өткен еді, ал ресми қысқы маусым 7 желтоқсанда ашылып, сырғанау маусымы 2025 жылдың 13 сәуірінде аяқталған.

Өзгелердің жаңалығы