Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, бүгін еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерде ауа райы тұрақсыз болады.
Найзағаймен бірге жаңбыр жауады, жел күшейіп, бұршақ жаууы ықтимал, солтүстіктің кей жерінде тұман түседі. Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында күн ашық болады.
Ақмола облысының кей жерінде дауыл болып, жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал, түнде және таңертең тұман түседі.
Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерінде дауыл болып, жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман түседі.
Павлодар облысының кей жерінде таңертең және күндіз дауыл түседі, бұршақ жаууы мүмкін, түнде және таңертең тұман түседі, күндіз кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Қостанай облысының кей жерінде дауыл болып, жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз бұршақ жаууы ықтимал.
Атырау, күндіз Қызылорда, Маңғыстау, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерінде жел 15-23 м/с күшейеді, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының күндіз кей жерінде шаңды дауыл болып, Ақтөбе облысында күндіз бұршақ жаууы ықтимал.
Күндіз Түркістан, Қызылорда, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерінде өте қатты ыстық болады.
Қызылорда, Түркістан, Атырау облысының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облысының кей жерінде, Қостанай, Алматы, Жамбыл облыстарында жоғары өрт қаупі сақталады.