-25°С аяз: Мереке күндері Қазақстанда ауа райы қандай болады?

Қазақстанға -25 градусқа дейін аяз қайта оралады.

 depositphotos.com Бүгiн 2026, 14:02
Бүгiн 2026, 14:02
455
Фото: depositphotos.com

«Қазгидромет» РМК 7, 8 және 9 наурыз күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктер Қазақстанда алдағы күндері ауа райы құбылмалы болатынын ескертті, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Қазақстанда қар, жаңбыр және күрт суыту күтіледі
 
Метеорологтардың мәліметінше, мерекелік демалыс қарсаңында еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Бұл – наурыз айына тән қалыпты құбылыс.
 
Циклон мен атмосфералық фронттардың әсерінен көптеген өңірлерде жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын күтіледі. Солтүстік және солтүстік-батыста кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр мен қар) жауады.
 
Ал елдің оңтүстігінде нөсер жаңбыр болуы мүмкін.
 
Сонымен қатар республика аумағында:
 
• жел күшейеді,
• көктайғақ болады,
• тұман түседі.
 
Ал солтүстік өңірлерде боран соғуы мүмкін, ал оңтүстікте найзағай күтіледі.
 
Қазақстанда аяз қайта күшейеді
 
Соңғы күндері ауа температурасы айтарлықтай көтерілгенімен, болжам кезеңінің соңына қарай еліміздің батысы мен солтүстік-батысына арктикалық суық ауа массалары қайта таралады.
 
Синоптиктердің мәліметінше:
 
Батыс өңірлерде түнде ауа температурасы -5…-15 градусқа дейін төмендейді;
Солтүстік-батыс пен елдің шеткі солтүстігінде -15…-25 градусқа дейін аяз болады.
 
Ал оңтүстік және шығыс аймақтарда, керісінше, температура біртіндеп көтеріліп, көктемгі жылы ауа райы сезіле бастайды.
 
Суық ауа райы басқа өңірлерге де жетуі мүмкін
 
Метеорологтардың айтуынша, 11 наурыздан бастап ауа температурасының төмендеуі елдің орталық және шығыс өңірлерінде де байқалуы мүмкін.
Наверх