Елімізде биыл 25 ақпанында некеге тұру бойынша рекордтық көрсеткіш тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы таратқан мәліметке сәйкес, айтулы күнде мыңға жуық жұп отбасын құрған. Бұл елдегі күнделікті орташа көрсеткіштен екі есе жоғары
Айта кетерлігі, ең жоғары көрсеткіш Алматы, Астана қалаларында, сондай-ақ Қостанай облысында тіркелген. Ал керісінше, Ұлытау, Қызылорда және Жамбыл облыстарында бұл көрсеткіш айтарлықтай төмен болған.
Мемлекеттік корпорацияның деректеріне сүйенсек, жалпы елімізде күн сайын шамамен 500 неке тіркеледі. Бұл 2025 жылғы 25 ақпандағы көрсеткіштен екі есе аз. Айта кетейік, 2024 жылы АХАТ бөлімдері арқылы 125 544 неке рәсімделген.
Былтыр ең көп неке шілде айында қиылып, 13 257 жұп отбасын құрған. Ал ең аз неке саны мамыр, наурыз және қараша айларында тіркелген, әр айда шамамен 8 мың неке қиылған.