250 мың теңге жалақы, тұрақты жұмыс: Ауыл тұрғындары ірі зауытта қандай астық өндіреді

29 Қыркүйек 2023, 12:01
9886
Бөлісу:
250 мың теңге жалақы, тұрақты жұмыс: Ауыл тұрғындары ірі зауытта қандай астық өндіреді
Фото: Артём Чурсинов

Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданында еліміздің экономикасының дамуына айтарлықтай үлес қосып жатқан ауқымды зауыт жұмыс істейді. Бұл - ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуге арналған «Ай Цзюй» логистикалық паркінің жобасы. Мұнда өндірілген астықтар Қытайға экспортталады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Биыл «Бір белдеу, бір жол» бастамасының құрылғанына 10 жыл толды. Қазақстандағы Қытай елшілігі бірлескен құрылыс аясында екі ел бірлесіп жүзеге асырып жатқан инвестициялық жобаларды таныстыру мақсатында БАҚ өкілдеріне өңірлерге баспасөз турын ұйымдастырды.

Журналистер танысқан алғашқы жобаның бірі - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Ильичевка ауылында орналасқан ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуге арналған «Ай Цзюй» логистикалық паркінің жобасы. Бұл парк 2016 жылы іске қосылған.

250 мың теңге жалақы, тұрақты жұмыс: Ауыл тұрғындары ірі зауытта қандай астық өндіреді

Қазіргі уақытта жобаға 30 миллион доллар инвестицияланды. 2023 жылдың соңына қарай «Ай Цзюдің» Қазақстандағы негізгі капиталға инвестициясы 50 млн долларға жетеді. Дәлірек айтқанда, «Тайынша майға» 30 млн доллар, ал MEMOLUX астық қоймасына 20 млн доллар инвестиция салынады.

Шикізаттан сапалы майға дейін

«Тайынша май» компаниясының бас директоры Фан Лун Фэйдың айтуынша, бұл Қазақстан мен Қытай арасындағы ауыл шаруашылығы саласындағы жалғыз инвестициялық жоба.

250 мың теңге жалақы, тұрақты жұмыс: Ауыл тұрғындары ірі зауытта қандай астық өндіреді

Зауыт енді іске қосыларда Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі үлкен қолдау көрсетіп, тиісті органмен инвестициялық келісімшарт жасасуға (СІМ Инвестиция комитеті – ред.), зауытта қазір жұмыс істеп тұрған техниканы кедендік рәсімдеуге, жер телімімен және барлық қажетті коммуникациялармен қамтамасыз етуге өз көмегін берген.

Қытайлық компания зауыттың құрылысына 30 миллион доллар инвестиция салған. Қазіргі күні оның қуаттылығы жылына 300 мың тоннадан астам май. Ешқандай қоспасы жоқ табиғи май алуға мүмкіндік беретін зауытта заманауи технологиялық құрал-жабдықтар қолданылады.

250 мың теңге жалақы, тұрақты жұмыс: Ауыл тұрғындары ірі зауытта қандай астық өндіреді

Компания басшысы зауытқа келген БАҚ өкілдеріне өздері өндіретін өнімдерді таныстырды. Фан Лун Фэй атап өткендей, «Ай Цзюдің» осы өңірде екі зауыты бар. Бірі – май өндірсе, екіншісі астық қоймасы. БАҚ өкілдері алдымен «Тайынша майдың» қалай жұмыс істейтінін көрді.

250 мың теңге жалақы, тұрақты жұмыс: Ауыл тұрғындары ірі зауытта қандай астық өндіреді

Кәсіпорын басшысының сөзінше, барлық шикізат қазақстандық. Олар - рапс, зығыр және күнбағыс, үшінші сортты бидай, арпа. Зауытта жаңа технологиялар көмегімен осы өнімдерден май алады.

Мұнда шикізаттан тек тазартылмаған май өндіріледі. Алынған май Қытайдағы зауытқа жіберіліп, сол жақта дайын болғанша бірнеше рет тазартылады. Жоғары температурада қою және хош иісі бар қою түсті майлар алынады. Әсіресе, рапс майы қытайлық тұтынушылар арасында ең танымал. Сол себепті рапс майы үлкен көлемде өндіріледі. Майдан қалған қалдықтар мал азығы үшін Қазақстан нарығына сатылады. Ал тазартылмаған май цистерналарға құйылып, Аспан асты еліне экспортқа жіберіледі. Бір тоннасы шамамен 950 доллар, - деді кәсіпорын басшысы.

250 мың теңге жалақы, тұрақты жұмыс: Ауыл тұрғындары ірі зауытта қандай астық өндіреді

Тұрақты жұмыс - тұрақты жалақы

Жақында зауыттың жұмысы қыза түседі. Өйткені маусым басталады. Зауыт қазан айының ортасынан келесі жылдың наурыз айына дейін жұмыс істей бастайды. Бірақ жұмыс маусымдық болса да, жұмысшылар айлығын уақытылы алып отырады.

250 мың теңге жалақы, тұрақты жұмыс: Ауыл тұрғындары ірі зауытта қандай астық өндіреді

Жұмыс тоқтап тұрғанда қолға алатын жалақы - 120 мың теңге. Ал зауыт толығымен іске қосылғаннан кейін жұмыс екі ауысымға көшеді. Ол кезде орташа жалақы шамамен 250 мың-300 мың теңге болады. Маусым тоқтап тұрғанда қызметкерлер тазалық, жөндеу сияқты жұмыстармен айналысады. «Тайынша майда» 110 маман бар. Олардың 10-ы қытайлық инженер. Бұл мамандар Ильичевканы қосқанда, жақын аймақтағы тағы 3-4 ауылдан келеді. Жұмысшылар үшін ауыл мен зауыт арасында қызметтік автобус қатынайды.

250 мың теңге жалақы, тұрақты жұмыс: Ауыл тұрғындары ірі зауытта қандай астық өндіреді

 

250 мың теңге жалақы, тұрақты жұмыс: Ауыл тұрғындары ірі зауытта қандай астық өндіреді

«Тайынша май» зертханасының меңгерушісі Мәншүк Зардыханның осы зауытта жұмыс істеп жүргеніне 5 жылдай болған.

Біз сапаға жауап береміз. Қабылдаған шикізаттың міндетті түрде сапасын қараймыз. Егер сапасы талапқа сай келмесе, онда шикізатты кері қайтарамыз. Өйткені шикізат сапасыз болса, май да сапасыз болады. Осы себептен сапалы шикізат аламыз, кейін одан ай алғаннан соң, оның сапасын сағат сайын қадағалап отырамыз. Майдың сулығы, қышқылдылығы болады. Олар стандарттан жоғарылап кетпеуі керек. 50%-дан астамы қазірдің өзінде жақсы тұқымдар. Рапс тұқымында 48-50% көрсетсе, сапасы өте жақсы деп есептеледі, - деді ол.

250 мың теңге жалақы, тұрақты жұмыс: Ауыл тұрғындары ірі зауытта қандай астық өндіреді

Мәншүк Зардыхан айлық уақытында түсіп тұратынын, еңбек жағдайы жақсы екенін атап өтті. Ауылды жерде осындай зауыттың болғаны тұрғындарға жақсы. Себебі жұмыс орны ашылады. Мәншүк Зардыхан бұрын Тайынша ауданында тұрған. Осы зауыт ашылғаннан кейін отбасымен бірге жұмыс істеу үшін Ильичевка ауылына көшіп келген. Бүгінгі күні оның күйеуі де осы зауытта жұмыс істейді.

Тайынша ауданында тұрғанымызда жұмыс болмады. Өзім лаборант мамандығында оқығанмын. Қазір өз мамандығым бойынша жұмыс істеп жүрмін. Мұнда қытай тілін білу міндеттелмейді. Бірақ бір-бірімізді үйретіп жүрміз. Біз қытайларға қазақ тілін, олар бізге қытай тілін. Қытайлар өте еңбекқор, жұмыс уақытында бос отырған адамдарды ұнатпайды. Олардың жаңаны үйренуге талпынысы өте жоғары, - деп айтты маман.

Сөзінше, кәсіпорын қайырымдылық көмек көрсетіп тұрады. Мысалы, биылғы жаңа оқу жылы қарсаңында көпбалалы, жартылай қамтылған отбасылардың балаларын мектепке дайындауға көмек берген.

250 мың теңге жалақы, тұрақты жұмыс: Ауыл тұрғындары ірі зауытта қандай астық өндіреді

Ал «Тайынша май» престеу цехының бригадирі Руслан Тілепбергеновтің зауытта еңбек етіп жүргеніне 6 жылдай болған. Сөзінше, цех екі ауысыммен жұмыс істейді. Әр ауысымда 5 адам болады.

Пресс цехында көбіне рапсты өңдейміз. Күніне шамамен 600 тонна. Зауыттағы техникалар да рапсты өңдеуге өте ыңғайлы. Жабдықтардың барлығы жаңа, Қытайдан әкелінген. Жұмыс толығымен автоматтандырылған. Қандай да бір ақау болса, ол компьютер бетіне шығып, сирена қосылады. Сосын оны оператор барып тексереді. Яғни зауытта адам қолымен жасалатын жұмыс барынша азайтылған, - дейді ол.

Банкроттықтан «айыққан» астық сақтайтын қойма

«Ай Цзюдің» екінші нысаны Аймақ ауылында орналасқан. Ол астық сақтайтын «MEMOLUX» ЖСШ.

250 мың теңге жалақы, тұрақты жұмыс: Ауыл тұрғындары ірі зауытта қандай астық өндіреді

Аймақ ауылында элеватор бұрыннан болған. Бірақ «Ай Цзю» келген кезде фирма бірнеше жыл жұмыс істемей, банкрот жағдайында тұрған. Оны қытайлық кәсіпорын 2017 жылы қарамағына алып, ескірген жерлеріне жаңа өмір сыйлаған.

250 мың теңге жалақы, тұрақты жұмыс: Ауыл тұрғындары ірі зауытта қандай астық өндіреді

Биыл мамыр айында Сиань қаласында өткен «Қытай-Орталық Азия» саммиті өткен болатын. Оған естеріңізде болса, Мемлекет басшысы қатысып, екі ел ауыл шаруашылығы саласында құжаттарға қол қойған болатын. Осы саммиттің нәтижелерін жүзеге асыру мақсатында «Сиань Цзю» корпорациясы СҚО-дағы MEMOLUX астық қоймасында астық пен майды өңдеу және тасымалдау үшін жаңа логистикалық орталық салды. Оның ішінде қуаттылығы жылына 300 мың тонна құрайтын құрама жем зауытының, жылына 100 мың тонна ұн өңдеу зауытының, 300 мың тонна бидайдың орау қабілеті мен 300 мың тонна сусымалы астықты жөнелтетін зауытының құрылысы бар. Орталықтың құрылысы аяқталғаннан кейін ол Солтүстік Қазақстан облысындағы ең ірі логистикалық және астық өңдеу орталығына айналып, жыл сайынғы жүк тасымалдау көлемін 1 миллион тоннаға дейін жеткізе алады.

250 мың теңге жалақы, тұрақты жұмыс: Ауыл тұрғындары ірі зауытта қандай астық өндіреді

Бұл ұн Шэньси провинциясына жіберіледі. Оны Алашанькоу мен Сианьде өңдеп, қаптаймыз. Барлық бидай тек Қазақстандыкы. Біз тек Сиань мен Қостанайда қайта өңдейміз. Қостанайлық «Саламат», «Пионер» және «Бест Қостанай» сияқты кәсіпорындармен серіктестік орнатқанбыз. Мұнда диірмендер бар. Былтырдан бері Қытайға 28 мың тонна ұн жібердік, - деді Фан Лун Фэй.

250 мың теңге жалақы, тұрақты жұмыс: Ауыл тұрғындары ірі зауытта қандай астық өндіреді

Ол шикізат Қытай-Еуропа пойызы Қытайға жіберілетінін айтты.

Бұл үштік деп аталады - Солтүстік Қазақстан, Алашанькоу және Сиань. Үш парк бірлесіп жұмыс істейді. Қазір біз екінші кезеңді жүзеге асырып жатырмыз. Мұнда шикізат сатып алынады. Олар - зығыр, рапс, арпа, бидай. Ол бастапқы өңдеуден өтеді. Сосын барлығын Қытайға жібереміз. Барлығы Алашанькоуда жиналып, бүкіл Қытайға таратылады. Алашанькоуда өзіміздің 100 мың тонна ұн шығаратын зауыт пен 300 мың тонна құрайтын жем зауыты бар. Шикізатты Қытай-Еуропа жедел пойызы арқылы Сианьға пойызбен жөнелтеміз. Пойыз қайтар жолда біздің өнімдерімізді алып кетеді. Паркімізде 5 шақырымдық үш теміржол желісі бар, онда біз 3 пойызды қоя аламыз. Экспрессті пайдалану уақытты үнемдейді. Біздің тауарлар Сианьға 10 күнде жетеді. Ал кәдімгі астық таситын көліктерде жол 30 күнге дейін созылады. Бір пойызға 50-65 контейнер жүк жинаймыз. Ол үшін бізге небәрі 5 күн уақыт беріледі. Бірақ біз бұл жұмысты шамамен 2 күнде аяқтаймыз. Құжаттар дайын болғаннан кейін астықты дереу жөнелтеміз, - дейді «Тайынша май» компаниясының бас директоры Фан Лун Фэй.

250 мың теңге жалақы, тұрақты жұмыс: Ауыл тұрғындары ірі зауытта қандай астық өндіреді

Сенім мен серістестік

Шыңжаңнан көшіп келген қандасымыз Еркінбек Сыдық бүгінде «MEMOLUX» ЖСШ директоры қызметін атқарады.

250 мың теңге жалақы, тұрақты жұмыс: Ауыл тұрғындары ірі зауытта қандай астық өндіреді

Бұған дейін басқа жерлерде жұмыс істедім. Тұрақсыз болды. Қытай тілін жақсы білгендіктен 2017 жылы осы цехқа жұмысқа орналастым, - деп бастады ол сөзін.

Еркінбек Сыдықтың айтуынша, Аймақтағы элеватор зауыт іске қосылғанға дейін де болған. Бірақ ол бірнеше жыл жұмыс істемей тұрған. Кейін зауыттың иесі өзгерген соң күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген.

250 мың теңге жалақы, тұрақты жұмыс: Ауыл тұрғындары ірі зауытта қандай астық өндіреді

Пандемия басталған кезде жұмыстар тоқтап қалған болатын. Биылдан бастап жұмыс қайта қалпына келтірілгеннен кейін зауыт қарқынды жұмыс істеп жатыр. Элеваторға келген фирмалардың бидайларын қабылдаймыз, оларды тазалаймыз. Егер ылғалдылығы асып кетсе, кептіреміз. Алғашында мұнда екі темір жол болған еді. Оларды жөндеп, биыл қосымша тағы бір жол салдық. Оған қоса, ұзындығы да өзгерді. Бұрын 2 шақырым болса, енді ол 5 шақырымға дейін ұзартылды. Сондай-ақ қоймалардың саны да көбейтіліп жатыр. Мысалы, бұрын 30 мың тонналық сыйымдылық болса, енді оған тағы 70 мың тонналық сыйымдылық қосылады. Осылайша 100 мың тоннаға дейін астық сақтай аламыз, - дейді ол.

Сөзінше, астықты көбіне Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Қостанай облысының шаруаларынан алады.

250 мың теңге жалақы, тұрақты жұмыс: Ауыл тұрғындары ірі зауытта қандай астық өндіреді

Бидайдың бағасы әртүрлі. Өйткені ол алдымен сапасына байланысты болады. Қазақстанда бидайдың сапасы өте жақсы. Осы күнге дейін 3-сортты бидайды қабылдап отырдық. Дегенмен биыл жауынның салдарынан сапасы төмендеп қалды. Десе де астықтың құны тек сапасына ғана емес, сонымен бірге жолдың арақашықтығына да байланысты. Бәсекелестеріміз көп болса да, баға жағынан болсын бізде артықшылықтар бар. Мысалы, бізге астықтың үлгісін алып келеді. Егер барлығы ойдағыдай болса, астық ертесіне қоймамызға жеткізіліп, ақшасы шаруаларға бірден төленеді. Төлем кешіктірілмейді. Оған қоса, бұрыннан серіктестік орнатқан шаруаларға егіс жұмыстары кезінде химиялық заттар не болмаса жиын-терін кезінде дизель отынын алуға қаржылай қолдау көрсетеміз, - деп айтты Еркінбек Сыдық.

Аймақ ауылында шамамен 200-ден аса адам тұрады. Ал «MEMOLUX» ЖСШ-да 40-тан аса адам жұмыс істейді. Оның барлығы Аймақ ауылының тұрғындары. Алдағы уақытта құрама жем мен ұн цехы іске қосылса, жаңа 60 жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр. Зауытта орташа жалақы – 250 мың теңге көлемінде. Жаңа жұмыс орны құрылғаннан кейін тиісті білімі бар мамандар да, білімі жоқ мамандар да жұмысқа қабылданады. Мысалы, лабораторияда жұмыс істейтіндерге білім талап етіледі. Зауыттың негізгі жұмысы 4 ай. Яғни қыркүйек-желтоқсан – жиын-теріннің уақыты. Осы уақытта зауыт астықты көп мөлшерде қабылдап алады. Кейін оны кептіріп, тазалап, қысы-жазы тоқтаусыз жұмыс істей береді.

250 мың теңге жалақы, тұрақты жұмыс: Ауыл тұрғындары ірі зауытта қандай астық өндіреді

«MEMOLUX» ЖШС директорының орынбасары Әлия Сүлейменова жұмысшыларға жалақы уақытылы төленіп отыратындықтан қызметкерлер жұмысты бар ынтамен атқаратынын айтты.

Элеватордың сыйымдылығы қазір 25,6 мың тоннаны құрап отыр. Жылдың соңына қарай тағы 25 мың тонналық элеваторды іске қосуды жоспарлап отырмыз. Ауыл шаруашылығы жобасының екінші кезеңіне инвестиция көлемі 20 млн долларды құрайды. Жаңа зауыттар іске қосылса, кадр да қажет болады. Элеваторға жұмысқа тұру үшін қытай тілін білу міндетті емес. Жұмысшыларды Көкшетау қаласынан және бүкіл ауданнан тартамыз. Ең алдымен техникалық мамандар қажет. Студенттермен, колледж түлектерімен сөйлесеміз. Оқытамыз, талқылаймыз. Біз іске қосылғаннан кейін Көкшетаудан және жақын маңдағы ауылдардан тұрақты автобус қатынайды. Келесі жылдан бастап толық қуатта жұмыс істейміз деп жоспарлап отырмыз, - деді ол.

250 мың теңге жалақы, тұрақты жұмыс: Ауыл тұрғындары ірі зауытта қандай астық өндіреді

Әлия Сүлейменова жалақы әр айдың басында түсетінін, қызметкерлердің еңбекақысы кешіктірілмейтінін атап өтті.

Жұмысқа деген қызығушылық, жалақысы жоғары болса, неге жұмыс істемеске?! Кейде қосымша жұмыс істейтін кездер де болады, бірақ ешкім одан бас тартпайды. Бүгінгі күні элеватор ретінде Солтүстік Қазақстан облысына ғана емес, сонымен бірге Ақмола облысына да қызмет көрсетеміз. Оған қоса, Қостанай облысымен де жұмыс істейміз. Бізде астықты қабылдау және сақтау лицензиясы бар. Үлкен тауар айналымы бар. 100-ден астам шаруамен жұмыс істейміз, - деп түсіндірді зауыт өкілі.

250 мың теңге жалақы, тұрақты жұмыс: Ауыл тұрғындары ірі зауытта қандай астық өндіреді

«Ай Цзю» өнеркәсіптік корпорациясының алда жүзеге асыратын жоспарлары аз емес. Бүгінгі таңда 2 жоба, яғни «Тайынша май» мен «MEMOLUX» бойынша жалпы инвестиция көлемі 50 млн доллар. Ал корпорация бес негізгі бағыт бойынша 200 миллион долларды қаржыландыруды жоспарлап отыр. Астық өңдеу, май өндіру, ұн өндіру, азық-түлік өнімдерін сақтау және өңдеумен қатар, ет нарығы, ауыл шаруашылығы техникасы, құрал-жабдықтар, индустриялық технологиялар, туризм және көрме бизнесімен айналысуды мақсат етіп отыр.

Мемлекет басшысы 1 қыркүйекте Қазақстан халқына арнаған Жолдауында еліміздің ауыл шаруашылығы саласын дамытатын кел келгенін мәлімдеген болатын. Қасым-Жомарт Тоқаев агроөнеркәсіп кешенінде нақты серпіліс жасауымыз керегін айтып, ауыл шаруашылығы саласының әлеуеті орасан зор екенін атап өтті. Десе де Президент атап өткендей, біз қолда бар мүмкіндіктерді әлі де толық пайдаланбай отырмыз.

Қазақстанның айналасында өнім өткізетін өте үлкен нарықтар бар. Онда сапалы азық-түлік өнімдері тапшы. Қазақстанның стратегиялық мақсаты – Еуразия құрлығындағы басты аграрлық орталықтың біріне айналу. Осы мақсатқа қол жеткіземіз десек, ең алдымен, өнімді жоғары деңгейде өңдеуге көшуіміз қажет. Онсыз болмайды. Біз алдағы үш жыл ішінде агроөнеркәсіптегі өңделген өнім үлесін 70 пайызға жеткізуіміз керек. Бұл – нақты міндет. Жұртты өнім өңдеуге ынталандыру керек. Ол үшін салық саясатын қайта қарау қажет. Бұл салада ірі компаниялар көбірек болса, нақты серпіліс жасауға болады. Біз экспортты ұлғайта отырып, ішкі нарықты да ұстап тұруымыз керек. Сондықтан елімізге сапалы өнімді қажетті көлемде тұрақты ұсына алатын кәсіпорындар қажет, - деген еді Мемлекет басшысы.

Өзгелердің жаңалығы