Өз ісін шын сүйетін, ерік-жігері күшті, нәзік әйелдердің бірі – ТЖМ Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы Көкшетау қаласы Оқу орталығының кадр жұмысы тобының бас маманы. Аазаматтық қорғау подполковнигі Жанар Серікқызы Балтабаева. Ол өзінің 25 жылын осы салаға арнады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
1999 жылдың маусым айынан бастап жас Жанар өмірін өрт сөндіру қызметімен байланыстырды.
Мен инспектор қызметіне келгенде 20 жаста едім. Қызметімді студент кезден бастаған мен осы саланың білікті маманы болғым келді. Маған кадрлар бөлімі қатты ұнады. Мұқатаева Ләззат Қойбағарқызы, Дюсекова Сәуле Сақтағанқызы сияқты жақсы тәлімгерлерім болды. Осы жандардан өмірлік әрі кәсіби тәжірибе алғаным үшін оларға өте ризамын, - дейді ол.
Жанар Серікқызы – өте жауапты қызметкер. Оқу орталығының қызметкерлерімен дәрістер, семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізеді. Қызметкерлерді патриоттық, адамгершілік, мәдени және эстетикалық тәрбиелеуге бағытталған іс-шараларды ұйымдастырады.
Бір қарағанда, оның бар ісі – бітпейтін қағазбастылық сияқты көрінуі мүмкін, бірақ ол әрбір жаңа қызметкер мен тыңдаушыға жекелей көңіл бөледі.
Мен кадр бөлімінің қызметкері ретінде жастарды қолдауға тырысамын, өйткені олардың тәжірибесі мүлдем жоқ. Мен өзімді бірден есіме аламын, өйткені жаңа нәрсені бастау оңай емес, - дейді Жанар Серікқызы.
Осы тамаша көктем мерекесінде барлық әйелдер қауымын 8 наурыз мерекесімен құттықтайды! Оларға зор денсаулық, бақ-береке, көтеріңкі көңіл-күй тілейміз, олардың жүректерінде әрқашан көктем құлпырып тұрсын! Келе жатқан мерекелеріңізбен, қымбатты ханымдар!