Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер 25 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
Қазақстан аумағында синоптикалық процестердің күшеюімен орталықта, шығыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста жауын-шашын, оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы, тау бөктерлі аудандарында қатты жауын – шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.
Тек еліміздің батысы, оңтүстік-батысы, солтүстігі, солтүстік-шығысы жоғары қысымды алқабында болатындықтан, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша тұман, желдің күшеюі, оңтүстік-батыста – шаңды дауыл, оңтүстік өңірлерде-найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі.
Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді. Түнде солтүстікте, батыста, таулы аудандарда, күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Алматы облысының оңтүстігінде, таулы, тау бөктері аудандарында бұршақ, дауыл, найзағай күтіледі, желдің күші 17-22 м/с. Күндіз Қарғанды облысының оңтүстігінде найзағай күтіледі, облыстың оңтүстігінде жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді.
Күндіз Маңғыстау облысының оңтүстігінде, батысында шаңды дауылмен 15-20 м/с жел күшейеді. Түнде және таңертең Ақмола облысының оңтүстігінде тұман күтіледі, түнде облыстың оңтүстігінде – жел 15-20 м/с күшейеді.
Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман, облыстың оңтүстігінде-жел 15-20 м/с күшейеді. Түнде Қызылорда облысының орталығында жел 15-20 м/с күшейеді. Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, түнде Атырау облысының батысында – тұман.