25 қазан - Республика күнінің қайта жаңғыруына қалай қарайсыз?

22 Қазан 2022, 13:05
1384
Бөлісу:
25 қазан - Республика күнінің қайта жаңғыруына қалай қарайсыз?
VIDEO

25 қазан - Республика күні мейрамы биылдан бастап қайтадан ұлттық мереке мәртебесіне ие болғаны белгілі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Осы орайда  ҚР Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңес төрағасының орынбасары Олжас Сүлейменов мерекенің қайта жаңғыруын қолдайтынын айтты.

Айтуынша, 25 қазан қайтадан Республика күні мерекесі ретінде тойланатындығын естігенде, қуанышын жасыра алмаған. 

Біріншіден, неге десеңіз, ол шын мәнінде біз үшін тарихи күн. Екіншіден, қазір кейінгі кезде мемлекетшіл болу, өзіңнің көк «паспортыңды» қадірлеу сынды құнды дүниелер айтылып жатыр. Өзіңнің «паспортыңды», мемлекеттің азаматы екеніңді қадірлеу, туыңды қастерлеу, рәміздерімізді, еліңді қадірлеу, әкімшіл, президентшіл болмасаң да, ең болмағанда мемлекетшіл болу сынды дүниелердің насихатталып жатқаны мені қатты қуантады. Соның бір көрінісі – Республика күні, - деп атап өтті Олжас Сүлейменов. 

Сондай-ақ Ұлттық мерекенің маңыздылығын түсіну – баршамыз үшін маңызды деп отыр. 

Еске сала кетейік, биыл 25 қазан алғаш рет ұлттық мереке ретінде аталып өтіледі. 

29 қыркүйек күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне кинематография мәдениет және мерекелер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына қол қойған болатын. Аталған заңға сәйкес 25 қазан ұлттық мереке – Республика күні ретінде аталып өтіледі. 

Видео: автордан
Өзгелердің жаңалығы