25 қазан - Республика күнінің мәртебесі биік

25 Қазан 2022, 10:38
2469
Бөлісу:
25 қазан - Республика күнінің мәртебесі биік
VIDEO
Фото: автордан

Бұл туралы журналист, жазушы-публицист Қайнар Олжай мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Биылдан бастап 25 қазан - Республика күні қайтадан ұлттық мереке ретінде тойланады. Осы орайда журналист Қайнар Олжай 13 жылдан кейін қайта жаңғырған мейрамға қатысты өз пікірін білдірді.

25 қазан – біздің республикамыздың егемендігі туралы заң қабылданған күн. Оның маңызы өте жоғары болған. Бірақ кейін дәрежесін біршама төмендетіп жіберді. Өйткені ең қиын заманда, Кеңес одағы тарқамай тұрғанда қабылданған біздің мемлекеттік егемендік туралы заң. Бұл заңның жобасын сол кездегі біздің айтулы тұлғаларымыз, белгілі заңгерлеріміз әзірлеген, - деп атап өтті Қайнар Олжай. 

Айта кететін жайт, биыл 25 қазан алғаш рет ұлттық мереке ретінде аталып өтілгелі отыр.

Биыл маусым айында өткен Ұлттық құрылтайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күнін қайта тойлап, оған ұлттық мәртебе беруді ұсынды.  

29 қыркүйек күні Мемлекет басшысы  «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне кинематография мәдениет және мерекелер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына қол қойды. Сол заңға сәйкес, 25 қазан ұлттық мерекеміз әрі Республика күні ретінде қайта тойланатындығы туралы шешім қабылданды.   

Өзгелердің жаңалығы