2,5 мыңнан астам адамға іздеу жарияланды - Бас прокуратура

27 Наурыз 2023, 10:44
891
Бөлісу:
2,5 мыңнан астам адамға іздеу жарияланды - Бас прокуратура
Фото: ua.news

Қылмыс жасады деген күдік бойынша 2,5 мыңнан астам адам іздеуде, деп хабарлады BAQ.KZ Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Соңғы үш жылда елдегі қылмыстық қудалау органдары әртүрлі қылмыстар жасады деген күдікпен 3000-нан астам адамды іздеуде.   Шет мемлекеттерде ұстау және оларды кейіннен Қазақстанға экстрадициялау, соның ішінде прокурорларды үйлестіруімен 500 адам ұсталды.     

Қазір 2500-ден астам адам іздестірілуде. Негізінен ішкі істер органдарының желісі бойынша, алаяқтық жасағаны үшін 400, ұрлық үшін 250 тұлға іздеуде.     

Ауыр және аса ауыр қылмыстар жасады деген 400 күдіктінің 250-і іздеу жарияланғаннан кейін ұсталды.     

Шет мемлекеттермен жолға қойылған ынтымақтастықтың арқасында іздеуде жүрген қылмыс жасаған 600 күдіктінің жүрген жері анықталды, олардың көпшілігі Ресей Федерациясында, Америка Құрама Штаттарында, Түркия Республикасында, Біріккен Араб Әмірліктерінде, Қырғыз Республикасында, Өзбекстан Республикасында және Украинада жасырынып жүр, - делінген ведомство хабарламасында.

Мысалы, биыл қоғамдық резонанс тудырған қылмыс жасады деген 6 күдікті ұсталды (4 - кісі өлтіру бойынша, 2-қаржы пирамидаларын ұйымдастырғаны және басқарғаны үшін).   

Қалған тұлғалар бойынша басқа елдердің құқық қорғау органдарымен бірлесіп оларды ұстау бойынша іс-шаралар жүргізілуде.   

Өзгелердің жаңалығы