25 мыңнан астам балаға кепілдендірілген әлеуметтік топтама берілді

15 Сәуір 2020, 06:36
1326
Бөлісу:
25 мыңнан астам балаға кепілдендірілген әлеуметтік топтама берілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Түркістан облысы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасылардың балаларына атаулы әлеуметтік көмекпен (АӘК) қоса кепілдендірілген әлеуметтік топтама берілуде. 

Топтаманың құрамындағы азық-түліктер мен гигиеналық құралдар балалардың жасына қарай бекітіледі, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі

Айта кетерлігі, 2020 жылы облыста аз қамтылған отбасыларға арналған атаулы әлеуметтік көмек үшін – 23,1 млрд теңге, кепілдендірілген әлеуметтік топтамаға – 6,9 млрд теңге бөлінген.

Ағымдағы жылдың 1-тоқсанында 19,8 мың отбасыға немесе 111,9 мың адамға 2,3 млрд теңге көлемінде АӘК тағайындалды. Сондай-ақ 1 жастан 6 жасқа дейінгі жалпы саны 25 125 балаға 319,2 млн теңге көлемінде кепілдендірілген әлеуметтік топтама (КӘТ) берілген. Оның ішінде, ай сайын 1 жас пен 3 жас аралығындағы 10 074 сәбиге және 3 жас пен 6 жастағы 15 051 балаға азық-түлік үлестірілсе, 1-6 жастағы 24 919 балаға гигиеналық жиынтық берілген.

Өзгелердің жаңалығы