Синоптиктер жексенбіде ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Болжамға сәйкес, бүкіл ел аумағында жаңбыр жауады, шығыста найзағай ойнап, қатты жауын-шашын түседі, тек республикамыздың оңтүстік-батысында күн ашық болады.
Республикамыздың басым бөлігінде жел күшейіп, еліміздің батысында, оңтүстік-шығысында, шығыста, солтүстікте, орталықта бұршақ жауады, оңтүстікте, шығыста, орталықта дауыл тұрады, оңтүстік-батыста шаңды дауыл болады, түнде және таңертең солтүстікте тұман түседі деп болжанады, - деді "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.