Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады.
Кей жерде жаңбыр жауады, тек оңтүстік-батыста ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республиканың кей жерінде найзағай, тұман, желдің күшеюі, дауыл болып, бұршақ жаууы мүмкін.
Ақмола облысының кей жерінде бұршақ, дауыл, желдің күшеюі, түнде жел кей жерінде, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с, кей жерінде күндіз екпіні 23-28 м/с күшейеді.
Алматы облысының кей жерінде жел 15-20 м/с, Алакөл ауданында екпіні 23-28 м/с күшейеді.
Жамбыл облысында, түнде және таңертең Түркістан облысының кей жерінде бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді, Түркістан облысының кей жерінде дауыл болады.
Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарынын кей жерінде дауыл, бұршақ, кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде екпіні 25 м/с күшейеді.
Павлодар облысының кей жерінде күндіз дауыл, бұршақ жауып, күндіз жел 15-20, кей жерінде екпіні 23-28 м/с күшейеді.
Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында, таңертең және күндіз Қызылорда облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Батыс Қазақстан облысының кей жерінде түнде бұршақ, Қарағанды облысының кей жерінде дауыл болып, күндіз бұршақ жаууы мүмкін.
Маңғыстау облысының күндіз кей жерінде тұман түседі.
Қызылорда, Ақтөбе облыстарының кей жерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.